Жетысуская область

Талдықорғанда жеңіл көлік екі жасар баланы қағып кетті: бүлдіршін қаза тапты

Талдықорғанда жеңіл көлік екі жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 28 қыркүйек күні күндіз Шығыс шағын ауданындағы Сеңгірбаев көшесінде болған. Алдын-ала анықталғандай, бала өз үйінің жанында жолда ойнап жүрген. Жолда келе жатқан 38 жастағы «Toyota Cresta» жүргізушісі баланы байқамай, қағып кетті.

«Өкінішке қарай, бала жол апатынан көз жұмды. Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу басталды», — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция қызметі.

 

Жетісу полициясы қаза тапқан бүлдіршіннің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Естеріңізге салайық, осыған дейін Алматыда мопед мінген курьер екі баланы қағып кеткені жарияланған еді.

 

Другие новости

Back to top button