Талдықорғанда ер адам қарыз алған танысын соққыға жығып, 15 қабырғасын сындырған
Оқиға саяжайлардың бірінде болған
Талдықорғанда өзінен қарыз алған танысын асқан қатыгездікпен ұрып-соғып, он бес қабырғасын сындырған 27 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жктісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Талдықорған саяжайларының бірінде болған.
«46 жастағы тұрғыны ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғаның сынуы мен басқа да дене жарақаттар диагнозын қойды. Белгілі болғандай, жәбірленуші өзінің 27 жастағы танысы тарапынан 40 мың теңгеге жуық қарыз алған. Кезекті кездесуде ерлердің арасында жанжал басталып, төбелеске ұласқан», — делінген хабарламада.
Күдіктіні қалалық полиция қызметкерлері ұстады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Тергеу кезінде ұсталған адамға келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.