Жетысуская область
Талдықорғанда білім саласын 6 жыл басқарған экс-басшының мүрдесі табылды
Талдықорғанның білім саласын 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың мүрдесі өзен жағасынан табылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.
«Әйел адамның денесінде зорлық-зомдылық белгілері жоқ. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған. Аталған факті қалалық полицияға тіркелді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Роза Бармановадан кейін Талдықорған қалалық білім саласын Жандос Жолдыханов басқарды. 2023 жылдың 27 сәуірінде ол 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.