Жетысуская область
Талдықорған жатақханасының коменданты 5 баланың анасын түннің ортасында бөлмесіне кіргізбей қойған
Талдықорғанда көп балалы ананы жатақхана коменданты бөлмесіне кіргізбей қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Сандуғаш Дүйсенова жариялаған видеода қолына кішкентай баласын құшақтаған Альбина Бұршақбаева түнде жұмыстан келіп, тұратын мекен-жайына кіре алмай жылап тұр. Жатақхана коменданты ғимараттың есігін жауып, оны кіргізбей қойған.
«Бес баланың анасы күні бойы дүкенде жұмыс істейді, түннің ортасында қайтады. Жатақхананың коменданты ол келген кезде әдейі қақпаны жауып тастайды. Бұл жағдай Альбина осында көшіп келгелі қайталанып жатыр.
Одан бөлек, Альбинаның айтуынша, жатақхананың коменданты дәретхана мен душтың суын әлсін-әлсін өшіріп тастайды, оған балаларын жуындыруға мүмкіндік бермейді», — деп жазды журналист.
Жетісу облысының полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берді.