Takeda Қазақстан мен University Medical Center сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастарға көмек көрсетуді жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Такеда Қазақстан»халықаралық фармацевтикалық компаниясының Бас директоры Михаил Владимиров және University Medical Center Корпоративтік қоры Басқармасының Төрағасы Юрий Пя өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам ғылыми-білім беру жобалары саласындағы бірлескен бастамаларды дамытуға және Қазақстанда сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастарғамедициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтырҚазақстанда дәрігерлердің бақылауында сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан 76 мыңнан астам науқас болған, олардың 15 мыңы — балалар.
Меморандум тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну (ТҚАІ), бастапқы иммунитет тапшылығы (БИТ), ІІ типті мукополисахаридоз (Хантер синдромы), гемофилия, ішектің қабыну аурулары, қысқа ішек синдромы және т.б. сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтиды. Бірлескен жұмысмамандандырылған көмекке мұқтаж науқастар үшін инновациялық терапиялық және диагностикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталатын болады.
Тараптардың өзара ынтымақтастығының негізгі бағыттары мамандар арасында біліктілік пен тәжірибе алмасу үшін ғылыми-танымдық іс-шараларды ұйымдастыруды, диагностикалық жобаларға қолдау көрсетуді, сондай-ақ жұртшылық пен БАҚ назарын сирек кездесетін сырқаттар мәселесіне аударуды қамтиды. Серіктестік науқастардыңөмір сапасын жақсартатын бастамаларға бірлесіп қатысуға, ғылыми зерттеулерді және білім беру іс-шараларын қолдауға бағытталған.
«Біздің мақсатымыз медициналық көмекті жоғары деңгейде ұстап тұру ғана емес, сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастарға арналған терапиялық және диагностикалық шешімдерді әзірлеуге септесу болып табылады. University Medical Center—мен ынтымақтастық бүкіл елде сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастардың өмір сапасын жақсарту үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Такеда Қазақстан» бас директоры Михаил Владимиров.
Юрий Пя, University Medical Center Корпоративтік қоры Басқармасының Төрағасы, былай деді:
«Біз үшін медициналық инновацияларды бірлесіп ілгерілету үшін жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікті дамыту айрықша маңызды. Осы ынтымақтастықтыңарқасында біз сирек кездесетін сырқаттарға шалдыққан науқастардың көпшілігіне озық диагностика және емдеуәдістерін қолжетімді етіп, осылайша олардың өмір сапасын жақсарта аламыз».
Меморандум аясында тараптар сондай—ақ сирек кездесетін сырқаттарды емдеудегі жетістіктер мен қиындықтарға жұртшылықтың назарын аудару үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын қолдау туралыкелісті. Тараптар арасында жоспарланған ынтымақтастық мерзімі ұзарту мүмкіндігімен үш жылды құрайды.
Takeda Pharmaceutical Company Limited туралы:
«Такеда» компаниясы адамдардың денсаулығын жақсартуға және бүкіл әлем үшін жарқын болашақ құруға арналған. Біз басты терапия және бизнес салаларымызда, соның ішінде гастроэнтерология және қабыну аурулары, сирек кездесетін сырқаттар, қан плазмасы негізіндегітерапия, онкология, неврология және вакцина саласындаөмірді өзгертетін емдеу әдістерін әзірлеп, енгіземіз. Динамикалық және алуан қырлы бағдарлама арқасында серіктестерімізбен бірге науқастардың жағдайынжақсартуға және емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға тырысамыз. Штаб-пәтері Жапонияда орналасқан жетекші биофармацевтикалық компания ретінде біз зерттеулер мен әзірлемелерге сүйене отырып, құндылықтарымызғанегізделген қағидаларды басшылыққа аламыз және науқастарға, адамдарға, планетаға қамқор болуға тырысамыз. 80 елде жұмыс істейтін қызметкерлерімізбіздің кім екенімізді екі ғасырдан астам уақыт бойы айқындап келе жатқан миссиямызды жәнеқұндылықтарымызды басшылыққа алады.
Қосымша ақпарат алу үшін www.takeda.com сайтына кіріңіз.
University Medical Center корпоративтік қоры туралы:
University Medical Center — Қазақстандағы жетекші Академиялық медициналық орталық, сирек кездесетін және күрделі сырқаттарды емдеуге бағытталған жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетумен және ғылыми-зерттеу қызметін дамытумен айналысады.
UMC Назарбаев Университетінің (NU Medicine) интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Жүйенің мақсаты — клиникалық, білім беру және зерттеу қызметін біріктіру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға септесу. Осылайша өзара біріктіру орасан зор артықшылықтарға ие, заманауи медициналық білім беруге және UMC орталықтарында науқастарға және олардың отбасына бағдарланған денсаулық сақтау стандарттарын арттыруға ықпал етеді.