Госорганы

Тәжікстан қазақ бизнесмендеріне табыс табуға мол мүмкіндік береді — Серік Жұманғарин

Тәжікстан қазақ бизнесмендеріне табыс табуға мол мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның дерегінше, бүгінде Қазақстанда Тәжікстанмен бірлескен 418 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның 416-сы шағын бизнес саналады.

«Тәжікстан шағын бизнеске өте жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Қазір маусымаралық кезең және бізге жеміс-көкөніс өнімдері жетіспейді. Ал, Тәжікстанда өнім жинау басталды. Бизнес осы мүмкіндікті пайдалана алар еді. Бизнес жүргізу тұрғысында Тәжікстанда да, Қазақстанда да ешқандай тәуекел жоқ. Заңнама қалыптасқан, инвестициялық қорғау бар. Елдер арасында төлем де еркін жүреді. Сондықтан да, жұмыс істеу үшін мол мүмкіндік бар», — деді Серік Жұманғарин бизнес форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, Тәжікстан Қазақстан өнімдерін шығару үшін де үлкен нарық саналады. Бұл ретте, ең алдымен аграрлық өнімдерді жеткізуге мүмкіндік бар. Биыл бұл елге бидай, арпа және күнбағыс майы көп жеткізілді. Отандық өндірушілердің арқасында тек Тәжікстанға ғана күнбағыс майының экспорты 20 млрд долларға жуықтады.

«Бар өнімді өзара жеткізуге мүмкіндік бар. Ал, ол өнімдермен айналысу үшін шағын кәсіпорын болса жеткілікті. Күрделі лицензия алудың ешқандай қажеттілігі жоқ. Осы тұрғыда Тәжікстан, жалпы Орталық Азия елдері Қазақстанның шағын және орта бизнесмендері үшін мол мүмкіндік ашады. Табыс табу үшін бағасы да жақсы», — деді вице-премьер.

 

Другие новости

Back to top button