ГлавноеКостанайская область

Тағы да коммуналдық апат. Рудныйда ондаған нысан жылусыз қалды

Қостанай облысының Рудный қаласындағы көпқабатты 33 үй мен бір мектеп жылудан ажырап қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Instagram-дағы rudnyi_ikomek109 парақшасында Шевченко көшесінің бойындағы тағы 13 жеке баспанада жылу жоқ екені жазылған. Бұған диаметрі 159 миллиметрлік жылу құбырындағы жарылыс себеп болған.

Ал жылу жүйесіне жауапты мекемедегілер желілердің әбден ескіргенін жасырмайды. «Рудный жылу желісі» ЖШС-нің мәліметінше, қалада бір жыл ішінде орта есеппен 300-ге жуық апат болады.

Қазір Қостанай облысында ауа температурасы -25 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытылып жатыр.

 

Другие новости

Back to top button