ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум
Тағы да әуе апаты : Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы өртеніп кетті
Бусан қаласынан Гонконгке қарай бет алмақ болған «Air Busan» әуекомпаниясы ұшағының құйрығы өртенді, салдарынан 176 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала билігі өрттен зиян шеккен адамдардың ауруханада ем алып жатқанын хабарлады. Науқастар ауыр жарақат алмаған.
Куәгерлердің сөзінше, өрт жүк бөлімінен шыққан, кейін борттың ішін түтін алып кеткен. Чемодандарға салынған батареялар мен электр құрылғылары өрттің шығуына себеп болған деген болжамдар айталады.
Көлік департаментінің шенеуніктері мен өрт сөндірушілердің бірлескен тобы өртке не түрткі болғанын анықтап жатыр. Полиция болса, кәсіби немқұрайлық танытқан авиатасымалдаушы компанияны жауапқа тарту мәселесімен айналысып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан 179 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.