ГлавноеГосорганы

Табысы бір жылда 40 млн теңгеден асатын қазақстандықтарға қосымша салық салынады

Бұл көлеңкелі экономика үлесін арттырмайды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатында елімізде жылына 40 млн теңгеден артық табыс табатын қазақстандықтарға қосымша салық салу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Әлібек Қуантыров байлық салығы негізінен мүлікке салынатынын атап өтті.

«Мысалы, қымбат көліктер, жеке меншіктегі ұшу аппараттары, қымбат жылжымайтын мүлік нысандары жатады. Негізінен осындай тәсіл қолданылады», — деді министр.

Министр жаңа салық тек ауқатты қазақстандықтарға салынатынын еске салды.

«Қымбат мүліктер негізінен импорттық өнім болып саналады. Оларды Қазақстан аумағына жеткізіліп, тіркегенде салынады», — деді ол.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров прогрессивті салық шкаласы жаңа Салық кодексінде қалай жұмыс істейтінін айтты. Енді жылдық табысы 40 млн теңгеден асатын қазақстандықтарға қосымша салық салынуы мүмкін.

«Қазақстанда 4 сатылы прогрессивті салық шкаласы болды деп дұрыс айттыңыз.  Прогрессивті салық жүйесі 5 пайыздан 20 пайызға дейін болатын. Бұл негізінен 10 пайыздық тегіс шкаланы қалдыру ұсынылып отыр. Оған қосымша 15 пайыздық прогрессивті салық салынады. Оның көлемі жылына 480 ең төменгі айлық көрсеткіші көлемінде болады. Бұл – шамамен 40 млн теңге. Егер (табысы) одан артық болса, яғни жылдық табысы 50 млн теңге болса, 10 млн теңгеден артық табысына 15 пайыз төлейді.  Бұл халықтың аз бөлігін ғана қамтиды және көлеңкелі экономиканың артуына ықпал етпейді. Себебі, мұндай айлықты табысы жоғары секторларда ғана төлейді. Бұл салаларда салық жүйесі ашық», — деді ҰЭМ басшысы.

 

Другие новости

Back to top button