Тұқымнан ғылымға дейін: салауатты ұзақ өмір сүру тәсілі қалай өзгеріп жатыр

Бүгінде салауатты ұзақ өмір сүру тек ұзақ жылдар бойы өмір сүру мүмкіндігі ретінде ғана емес, денсаулықты, белсенділікті және тәуелсіздікті барынша ұзақ сақтай білу қабілеті ретінде қарастырыла бастады. Healthspan деп аталатын бұл тәсіл дұрыс тамақтану сапасына деген көзқарасты да өзгертуде: назар дайын өнімнен оның жасалу барысының тұтас тізбегіне — өсімдік шикізатының шығу тегі мен топырақтың жай-күйінен бастап ғылыми зерттеулерге, өндіріске және сапаны бақылауға дейін ауысуда.
90 жылдан астам уақыт бойы өсімдік тектес ингредиенттермен жұмыс істеп, жеке ауыл шаруашылығын, ғылыми зерттеулер мен өндірісті бір арнаға тоғыстырып келетін Amway компаниясының Nutrilite бренді дәл осы қағидатқа негізделген. Бүгінде Nutrilite — дәрумендер мен тағамға биологиялық белсенді қоспаларды сату көлемі бойынша әлемдегі №1 бренд. Amway компаниясының зерттеу және ғылыми қызметіне 800-ден астам ғалым мен маман қатысады, 75 зертхана жұмыс істейді, ал соңғы жылдары компанияның зерттеулерге салған инвестициясы 146 миллион АҚШ долларын құрады.
Денсаулық өсімдіктен басталады
Nutrilite үшін сапаны бақылау өнім өндірісінен әлдеқайда бұрын — өсімдіктерді өсіру кезеңінен басталады.
Nutrilite жеке органикалық фермалары шамамен 6 000 акр аумақты алып жатыр. Өсіру барысында топырақтың жай-күйі, климаттық жағдайлар, минералдардың мөлшері, биоалуантүрлілік және өсімдіктердің ерекшеліктері ескеріледі. Өсімдік тектес шикізаттың құрамына өсімдік сорты, өсірілетін аймақтың географиясы, топырақтың ерекшеліктері, өнімнің пісіп-жетілу деңгейі және одан кейінгі өңдеу үдерісі әсер етуі мүмкін.
Фермаларда табиғи әдістермен қатар технологиялық әдістер де қолданылады. Қызыл қоңыздар өсімдік битінің популяциясын бақылауға көмектеседі, аралар дақылдарды тозаңдандырады, ал сұңқарлар егістіктерді кеміргіштерден қорғау үшін пайдаланылады. Сонымен қатар дәлме-дәл егіншілік технологиялары енгізілген — мысалы, арнайы лазерлік жүйе арамшөптерді анықтап, оларға нүктелік әсер етуге мүмкіндік береді.
«Лазерлік арамшөп жою жүйесі арамшөптерді анықтап, топыраққа зиян келтірмей, оларды нүктелік әдіспен жояды. Бұл пестицидтерден бас тартуға, техниканың егістік алқаптарынан өту санын азайтуға және топырақтың саулығын сақтауға мүмкіндік береді», — дейді фермалардағы шикізатты өңдеу жөніндегі өндірістік операциялардың жетекшісі Джордан Хэнсон.
Осылайша, міндет тек өсімдікті өсіру ғана емес, сонымен қатар келесі кезеңдерде шикізаттың тұрақтылығы мен бақыланушылығын қамтамасыз ету.
Өсімдіктен өндіріске дейін
Егін жиналғаннан кейін шикізат Nutrilite жеке өндіріс орнына жіберіледі, онда ол өңдеуден өтіп, сапаны бақылаудың көпсатылы жүйесі арқылы тексеріледі.
Spaulding Plant-та өндірістік аймақ шамамен 300 000 шаршы футты құрайды. Кәсіпорын 2014 жылдан бері жұмыс істейді, мұнда 225-тен астам қызметкер еңбек етеді, ал жылдық өндіріс көлемі 10 миллиардтан астам өнім бірлігіне жетеді.
Қатты түрлер өндірісінің қуаты 65-тен астам нарыққа арналған 7 миллиард таблеткаға дейін жетеді. Пробиотиктер өндіретін жеке бағыт 2021 жылдан бері жұмыс істейді: мұнда 17 нарыққа арналған өнімнің 15 түрі шығарылады, ал өндірістік қуаты 196 миллион стикке дейін жетеді. Өндірістік желілердің бірі минутына 900-ге дейін стик шығара алады.
Сапаны бақылау — өндіріс үдерісінің әр кезеңінің ажырамас бөлігі. Әрбір өндірістік тапсырыс бойынша 300-ден астам тексеру жүргізіледі. Пробиотикалық ұнтақтармен жұмыс істеу кезінде температура мен ылғалдылық көрсеткіштері де қосымша бақыланады — бұл параметрлер пробиотикалық микроорганизмдердің өміршеңдігін сақтау үшін аса маңызды.
Ғылым ненің маңызды екенін түсінуге көмектеседі
Бұл жүйенің келесі маңызды элементі — зерттеулер.
Бүгінде Amway компаниясының негізгі ғылыми бағыттарының қатарында жасушалық денсаулық, микробиом, сондай-ақ фитонутриенттер мен өсімдік тектес шикізаттың қасиеттерін зерттеу бар.
«Бүгінде біздің зерттеулеріміз екі негізгі бағытқа шоғырланған: жасушалардың денсаулығы және микробиом. Дәл фитонутриенттерді және олардың концентрациясын зерттеу өсімдік компоненттері мен денсаулық арасындағы өзара байланысты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Amway компаниясының ғылыми зерттеулер және клиникалық сынақтар саласындағы сарапшысы Коллин Каркет.
Бұл тәсіл Best of Nature. Best of Science. қағидатын көрсетеді — табиғат пен ғылым мүмкіндіктерінің үйлесімі. Өсімдік тектес ингредиент жеке-дара қарастырылмайды, тұқымнан, топырақ пен өсіру жағдайларынан бастап өңдеу, ғылыми зерттеу, өндіріс және сапаны бақылауға дейінгі тұтас жүйенің нәтижесі ретінде қарастырылады.
Өмір ұзақтығынан — өмір сапасына
Healthspan тұжырымдамасы ұзақ өмір сүру туралы қалыптасқан түсінікті кеңейтеді. Мұндағы мәселе адамның қанша жыл өмір сүретінінде ғана емес, сол жылдардың қаншасында денсаулығын, энергиясын, белсенділігі мен тәуелсіздігін сақтай алатынында.
Бұл тамақтануды, дене белсенділігін, өмір салтын, профилактиканы және ғылыми білімді біріктіретін кешенді тәсілдің маңызын арттыра түседі. Бұл ретте салауатты ұзақ өмір сүруді бір ғана өнімге немесе ингредиентке байланыстыру мүмкін емес.
Сондықтан Nutrilite өнімінің жолы дайын өнім пайда болғанға дейін әлдеқайда ерте — өсімдіктен және оны өсіретін ортадан басталып, әрі қарай зерттеулер мен өндіріс кезеңдері арқылы жалғасып, әртүрлі сатылардағы сапаны бақылауды қамтиды.
Түптеп келгенде, салауатты ұзақ өмір сүру туралы әңгіме сөредегі дайын өнімнен басталмайды. Ол әлдеқайда ертерек — тұқымнан, топырақтан, ғылыми білімнен және сапаның осы жолдың әр кезеңінде қалыптасатынын түсінуден басталады.
Amway компаниясы туралы
Amway — өнімдері Орталық Азияны қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елі мен аумағында ұсынылған денсаулық пен әл-ауқат саласында қызмет ететін халықаралық компания. Компания денсаулық пен әл-ауқат бағытындағы кең ауқымды өнімдер портфелін дамытып, тәуелсіз кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.
Салауатты ұзақ өмір сүруге деген қызығушылықтың артуы және кәсіпкерлік қызметтің қарқынды дамуы аясында Amway 1 қыркүйектен бастап Өзбекстандағы қызметін іске қосады.
Өзбекстандағы ресми іске қосылу Amway компаниясының өңірдегі дамуының келесі кезеңіне айналып, жергілікті тұтынушылар мен кәсіпкерлерге компанияның халықаралық экожүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.



