Главное

«Сыздықбековтің киллерімін десең, кешіремін»: күдікті сотта Берденовтің шарт қойғанын мәлімдеді

Бүгін Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке от атқан Ернар Жиембайдың соты өтіп жатыр. Ол шенеуніктен әйелін қызғанып, оқ атқанын, сондай-ақ уақытша қамау изоляторында отырғанда Берденов келіп, шарт қойғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Берденов маған келіп, «Сыздықбеков жалдаған киллермін» десең, кешіремін деді», — дейді сотта Ернар Жиембай.

Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты ашық сот процессі өтіп жатыр. Руслан Берденов сотқа келген жоқ, ал күдікті Ернар Жиембай болса, өткір мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Ғабит Сыздықбеков 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бері Шымкент қаласының әкімі болып отыр. Ал 2025 жылдың 24 ақпаны күні Руслан Берденов оның орынбасары болып барды. Арада екі ай өткенде, яғни, 2025 жылдың 21 сәуірі күні кешқұрым Ернар Жиембай Руслан Берденовті әкімдіктің алдында атып кетті. 

Другие новости

Back to top button