ГлавноеГосорганы

«Сырттан келгендерге көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдік берілмейді»: Тоқаев елге келген ресейліктерге қатысты пікір білдірді

Президент Түркістан облысына іссапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы іссапары барасында елімізге ағылып жатқан ресейліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазақта «көршімен татудың көңілі тыныш» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені Үкіметке тапсырдым», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай күрделі жағдайда халқымыз ең алдымен адамгершілік, сабырлық және ұйымшылдықты танытуы керектігін алға тартты.

«Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

 

Другие новости

Back to top button