Госорганы

Сыйақы мөлшерлемесін дұрыс көрсетпеген тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айрылды

 «Микроқаржы ұйымы «Эверест Финанс» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Микроқаржы ұйымы жылдық тиімді сыйақы мөлшерін дұрыс көрсетпеген, кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектісінен алынған анық емес мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын бұзуына жол берген», — делінген Агенттік хабарламасында.

Еске салсақ, елімізде микроқаржы ұйымдарының қызметі тексеріліп жатыр. 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін екені бұған дейін айтылған болатын.

Сонымен қатар онлайн несие беретін 18 микроқаржы ұйым лицензиясынан айырылды.

Жалпы елімізде елімізде 434 мың адам микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмай жүр.

Другие новости

Back to top button