Культура

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева 800 миллион теңге тұратын үйін көрсетті

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті, тележүргізуші Айдай Исаева 800 миллион теңгелік 5 бөлмелі үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақта”бағдарламасына сілтеме беріп хабарлайды.

 

 

“Жалпы шырша, талдар мен өсімдіктер көп болғандықтан үйдің орналасқан жері өзімізге ұнайды. Бала-шаға да серуендеуге, таза ауада жүргенге жақсы. Өзіміз таулы жерде тұрғанды ұнатамыз. Бұл үй бес бөлмелі, көлемі 280 шаршы метр. Енді алдағы уақытта кем дегенде 500 шаршы метр болатын үйге көшеміз деп отырмыз. Себебі өзіміден басқа көмекшілеріміз қонып жұмыс істейді. Бір емес бірнеше қыздар бірге тұрамыз. Сондықтан үйімізді кеңейтуге бел будық”, – дейді Айдай Исаева.

Қазақстан аруы үй аларда орналасқан жеріне және аумағына баса назар аударатынын айтты.

“Негізі қазақ – қонақжай халық қой. Ас бөлмесі бөлек, қонақ күтетін бөлме бөлек болу керек. Бірнеше санузел болуы шарт. Жалпы ыңғайына, орналасу жеріне және кеңдігіне қараймыз. Бұл пәтердегі барлық жиһаз дайын тұрды. Біз тек көшіп келдік. Бірақ маған модерн стильдегі ашық түстегі, аппақ үй ұнайды. Биіктігі 3 жарым метр болса деп армандаймын. Бұл 10 жыл бұрынғы жөнделген үй. 10 жыл бұрынғы бағасы өзгерген жоқ. Өйткен жолдасым өзі сатады, өзі сатып алады. Қазір де 800 миллион теңгеге бағаланып тұр. Болашақта басқа үйге көшсек жиһаздарды қалдырып, техникаларды өзімізбен алып кетеміз”, – дейді қазақ аруы.

Айта кетейік, «Ғалам аруы Қазақстан — 2022» титулының бұрынғы иегері Диана Тәшімбетованың шеттетілуіне қатысты дау шыққан болатын. Байқау президенті Айдай Исаеваның сөзінше, «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Жан Ахмадиев оны сутенер (жезөкшелік қызметті ұйымдастырумен айналысатын және жезөкшелердің қызметін бақылайтын, оларды қорғайтын және одан табыс табатын адам — еск.) деп атап, беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа арыз берген. Айдай Исаеваның және байқаудың адвокаттары қазір сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

Другие новости

Back to top button