«Сүлейменова біле ме?»: Маңғыстауда мұнай төгілген жерде мар қырылып жатыр
Маңғыстау облысында кен орнындағы мұнай төгілген жерде мал қырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Неліктен кен орны қоршалмайды? Экология министрі Зульфия Сүлейменова біле ме?»,- деп таңғалады элитолог Ербол Еділов.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде қазақстандықтар экология министрі Зульфия Сүлейменованың Павлодар облысындағы тартылып бара жатқан қызғылт көлге қатысты мәлімдемесіне шүйліккен. Блогерлер, журналистер мен сарапшылар министр мен оның командасының бейғамдығына таң. Қазақстандықтар Сүлейменованың қоластындағылары көлді тексеруге тек сейсенбіде аттанады деген сөзін сынға алды.
Желі қолданушылары Сүлейменова қателіктерден сабақ алмайтынын атап өтті және, жауапты министрлер ТЖ орнына уақытында бармауы салдарынан үлкен зардаптарға апарып соққан Абай облысындағы өртті тілге тиек етті.
Экология министрінің жұмысын өткен аптада мемлекет басшысы да сынға алды. Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қаланы сумен қамту мәселелерін шеше алмағаны үшін Сүлейменованың министрлігіне көңілі толмайтынын жеткізді.
“Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс”, — деді президент.