Алматы

«Сүйіктісінің көлігін сатып жіберген»: Бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен алматылық жігіт ұсталды

Алматыда полицейлер 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адам бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, алматылық ер адам алаяқтың схемасын ойлап тапқан.

«Ол кейбіреулеріне жүргізуші куәлігін өзгертіп, жасап беретінін, басқаларына шетелдік көліктерді қайта рәсімдеп, Қазақстанға тіркейтінін айты, қызмет ұсынған. Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Тергеу барысында тағы бір алдау фактісі анықталды. Ер адам заңдастырамын деген сылтаумен сүйіктісінің Грузиядан әкелінген көлігін алған да, сатып жіберген. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр», –  деді Алматы қалалық ІІД Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Күдікті қамауға алынды.

Другие новости

Back to top button