Госорганы

Судья Бишімбаевтан сот барысында жауап алуға рұқсат берді, сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салды

Бүгін Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу сотында әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишібаевқа қатысты негізгі сот тыңдалымының үшінші күні өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бишімбаевтың қорғаушылары процестің кез келген уақытында одан жауап алуға рұқсат беруді сұрады. Зардап шеккен тарап оған қарсы болды.

Десе де судья өтінішті қанағаттандырды.

Бишімбаевтан соң өзге куәгерлер мен сарапшылардан жауап алынады. Бұдан соң іс материалдары зерттеліп, екінші күдіктіден жауап алынады.

Прокурордың сөзінше, бұған дейін экс-министрден 5 рет жауап алынған.

Сонымен қатар прокурорлар әлеуметтік желілерде сот процесіне қатысты түрлі пікірлер айтылып жатқанын атап өтті.

Айыптаушы тарап “алқабилерге қысымды болдырмау” мақсатында Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының қатысушалары әлеуметтік желі мен БАҚ-та пікір білдіруден тартынғанын сұрады. Процесс қатысушыларының бәрі прокурорлардың арызын қолдады.

Судья сот отырыстарынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Еске сала кетейік, Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі запаста. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.

Бишімбаев тарапы соттан орыс тілінен қазақ тіліне аудармашы беруді сұрады.

Марқұмның ағасы қарындасымен жазысқан хаттарды оқып берген еді.

Другие новости

Back to top button