Госорганы

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жанар-жағар май тапшылығы болды — министр

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жанар-жағармай жеткізуден қиындықтар болды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Су басқан аймақтардың халқына мұнау өнімдерін жеткізуде проблемалар болғаны жасырын емес. Бірақ ол жол талғамайтын көліктер, арнайы техникалардың көмегімен шешілді. Қазір ондай проблема жоқ», — деді министр Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Оның сөзінше, жанар-жағармай тапшылығын Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының тұрғындары сезген.

Другие новости

Back to top button