Западно-Казахстанская область

Су тасқынына байланысты Орал түрмесіндегі сотталғандар эвакуацияланып жатыр

Оралдағы су тасқынына байланысты қаладағы №27 түзету мекемесін су басу қауіпі бар. Осыған байланысты, сотталғандар Қазақстанның бірқатар өңірлеріне көшірілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл ақпаратты редакцияға Қылмыстық Атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Жайық өзеніндегі су деңгейінің артуына және №27 мекемесін су басу қауіпіне байланысты, жеті жүзге жуық сотталған адам Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Олар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы аймақтағы жағдай бойынша дабыл қаққан.

Другие новости

Back to top button