Госорганы

Су тасқыны: сарбаздар халыққа тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр

Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің, Академиясының және авиабазасының әскери қызметшілері Қазақстанның алты өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұлттық ұлан авиациясының МИ-171Е тікұшақтары Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында маңызды міндеттер атқарып жүр. Бұл ретте олар БҚО-дағы бөгетке 45 қаппен 2250 кг құм тастады. Су тасқыны басталғаннан бері Ұлттық ұланның 1303 әскери қызметшісі, 61 авиа және автомобиль техникасы табиғи апаттың алдын алу және салдарымен күрес жұмыстарына жұмылдырылған», — деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 832 адам эвакуацияланды, жалпы ұзындығы 8355 метр арықтар тазартылды, су жағаларына 70270 қап құм төселді, сонымен қатар диверсиялық жұмыстар кезінде 250 кг аммонит жұмсалды.

Бұдан бөлек тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 6800 килограмм гуманитарлық көмек жеткізілді.

Другие новости

Back to top button