Госорганы

Су тасқыны кезінде бүлінген 8 жолды жөндеу үшін үкімет 5,9 млрд теңге бөлді

Атырау облысындағы 8 жол учаскесін салуға және жөндеуге Үкімет резервінен 5,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісті қаулыға премьер-пинистр Олжас Бектенов қол қойған. Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, ақша үкіметтің төтенше резервінен көлік министрлігіне қарай бөлінеді.

«Атырау облысының бюджетіне аудару үшін Үкіметтің төтенше резервінен ҚР Көлік министрлігіне шамамен 5,9 млрд теңге бөлу қарастырылған. Аталған қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін, оның ішінде, «Индер – Қарабау – Сағыз», Қарабау кентіне кірме жолдар, «Сарытоғай – Махамбет», «Атырау – Индер», сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге бағытталады. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автожолындағы көпір мен су өткізу құбырлардың  құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, су тасқыны кезінде осы облыстағы 11 жол учаскесі қираған, бес жолда су өткізетін құбырлар зақымданған.

Другие новости

Back to top button