Западно-Казахстанская область

Су тасқыны: 31 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан облысында Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады, су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда.

Осы сағатта республика бойынша 31 112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде», — делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам,  4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.

Другие новости

Back to top button