Госорганы

Су басқан аймақтардан эвакуацияланғандар саны 90 мың адамнан асты

Қазақстан су тасқыны басталғалы 96 472 адам эвакуацияланды, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала барды. 8,5 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды, жерге 1,3 млн қап пен 1,1 млн тонна инертті материал төселді», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 2 750 тұрғын үй мен 1 816 ауланың аумағына кірген су басқа жаққа бұрылған.

Другие новости

Back to top button