ГлавноеИнтервью

«Сталкинг пен киберсталкингке қарсы күресті тоқтатпаймын»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін үш жылға соттатты

Танымал журналист Дана Нұржігіт екінші күйеуін соттатып жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат беріп, экс-күйеуінің аңдығанын айтты.

“2019 жыл мен 2022 жыл аралығында ғана некеде болдық. Бірақ ажырасқан соң да оның қитұрқы әрекеттері тоқтаған жоқ. Мені аңдуды шығарды. Күн демей, түн демей қоңырау шалатын. Бассейнде жүзіп жүріп басымды көтерсем, алдымда тұрады. Жұмыстан шықсам, көлігімнің жанында күтіп тұрды, дәрігерге жазылсам, сол жерде жүреді, тіпті осы жайттардың бәрінен соң денсаулығым нашарлап, процедурада жатқанымда, сол жерге кіріп келді. Көшеде кетіп бара жатсам, «кіммен сөйлесіп бара жатсың, біз туралы айтып жатсың ба?» деп қоңырау шалатын. Шыны керек, алаңдамай жүре алмайтын күйге жеттім, құдды біреу үнемі аңдып тұратындай көрінетін. Міне, 2022 жылдың екінші жартысы мен 2023 жылды осы күйде өткіздім. 2024 жылғы 13 маусымда сот үкімі күшіне енді. Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға шартты түрде сотталды. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзды”, – деді журналист.

Одан кейін медиа маманы жеке өміріне қатысты оқиғадан кейін заңға арнайы бап енгізуді талап етіп отыр. Ол туралы жеке парақшасында жазды.

«Мен сталкингке, киберсталкинге қарсы күресті тоқтатпаймын. Қылмыстық кодексте арнайы бап болуын талап етемін! Кеше ғана ІІМ, сенатқа депутат болып барған Марат Шәдетханұлы Қожаев мырзаның назарына, мәжіліс депутаттарының назарына! Бұл адам құқығы мәселесі. Қауіпсіздік мәселесі. Жеке мәліметтердің таралмауы, ал қолды болған жағдайда қылмыскердің шоқпарына айналмауы заңмен реттелеуі керек!», – деп жазды ақпарат саласының өкілі.

Еске салайық, журналист экс күйеуінің әрекеттерінен кейін алты ай психотерапевтпен жұмыс істегенін жазған едік.

Другие новости

Back to top button