ГлавноеГосорганы

СҚО-да сепаратизм дерегі бойынша ұсталған үш күдікті екі айға қамауға алынды

Олар он жылға дейін бас бостандығын айырылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизм ісі бойынша ұсталған үш күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы  алдында 2023 жылғы 18 сәуірде  Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату)  қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық  жасағандықтары үшін  Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған болатын», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр.

«20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен  барлық үш фигурантқа  қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, наурызда СҚО-да «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы өткені туралы ақпарат интернет желілерінде тараған болатын.

Аталған дерекке қатысты пікір білдірген Бас прокуратура күдіктілердің ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 128-бабы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген болатын. Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.

Другие новости

Back to top button