Северо-Казахстанская область

СҚО-да жол апатынан зардап шеккен 20 жастағы қыз көз жұмды

Аталған жол-көлік апатынан бұған дейін бір адам қаза тапқан болатын

Солтүстік Қазақстанда бір апта бұрын болған ірі жол апатынан зардап шеккен 20 жастағы қыз ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Qazaqstan Media жазуынша, бір апта комада жатқан 20 жастағы қыз ес жимастан бүгін ауруханада көз жұмды. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Есіл аудандық ауруханасына 45 жастағы келіншек пен 20 жастағы қыз жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр. Екеуі де комада жатыр», – деген болатын сол кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Сондай-ақ жол апатынан 2007 және 2008 жылы туған екі жасөспірім де зардап шеккен болатын. Олар көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, ірі жол апаты 2 ақпанда Есіл ауданындағы Покровка және Петровка ауылдарының арасында болған. Howo жүк көлігі мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, соңғысының 43 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал салонда болған төрт адам ауруханаға жеткізілген болатын. Сол кезде дәрігерлер екі жолаушының жағдайы ауыр деп бағалаған еді.

Другие новости

Back to top button