Северо-Казахстанская область

СҚО-да антикор жауап алғаннан кейін білім бөлімінің қызметкері өз-өзіне қол салған

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов оның куәгер болғанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол салған. Бірақ антикор оның қылмыстық іс бойынша күдікті болмағанын хабарлайды.

– СҚО-да қылмыстық іс бойынша айыпталушының қарамағындағы адам антикор департаментінде жауап алуға қатысып, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Ол бұл іске куәгер ретінде қатысып, облыс бойынша емін-еркін жүрген. Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деді брифингте антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, марқұмның бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімінің басшысы делдал арқылы 1,2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

– Ол мектептердің бірін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған. Қамауда отыр, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хатшысы.

Другие новости

Back to top button