Госорганы

Спутниктік интернет Қазақстан ауылдарына қашан жетеді

Бүгінде елімізде спутниктік интернет қызмет көбінесе корпоративтік бизнес-сектор мен мемлекеттік органдарға қолжетімді

Цифрлық даму министрлігі спутниктік интернет Қазақстан ауылдарына қашан келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі LS-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, бүгінде елімізде спутниктік интернет қызметін байланыс операторлары негізінен корпоративтік бизнес-сектор мен мемлекеттік органдар үшін жүзеге асырады. Ол үшін KazSat сериялы отандық ғарыштық байланыс жүйесі қолданылады.

Сонымен қатар Oneweb (Ұлыбритания), O3b mPower (SES компаниясы, Люксембург), Starlink (ЅрасеХ компаниясы, АҚШ) және т.б. сияқты компаниялардан Қазақстан нарығына геостационарлық емес спутниктік орбитасы жүйелерінің (ГЕСО) кіруі олардың жалпы Орта Азия өңіріндегі мүдделілігіне және техникалық дайындығына байланысты. Шағын шалғайдағы ауылдарды интернетке қосудың болжамды мерзімдері – 2023 жылғы IV тоқсан.

«ГЕСО әлеуетті пайдаланушысы сол кезде таңдалған провайдерге және ұсынылған тариф бойынша қызмет құнына байланысты спутниктік терминалды сатып алу шығындарын көтереді. Баға саясаты, әрбір провайдердің қажетті жабдықтары жеке әрі қызмет көрсету кезінде қалыптасады», — деп түсіндірді министрлікте.

Министрлік ГЕСО-ның геостационарлық жүйелерге қарағанда негізгі негізгі артықшылықтары жоғары өткізу қабілеттілігі (100-500 Мбит/сек) және сигналдың төмен кідірісі (30-150 мс) екенін қосты.

Другие новости

Back to top button