Спорт

Спорттағы дін мәселесіне қатысты «Жол картасын» әзірледік — Ербол Мырзабосынов

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшылар арасындағы діншілдік мәселесін шешу үшін «Жол картасы» әзірленгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дін мәселесі бойынша бізде арнайы «Жол картасы» әзірленген. Соның аясында жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда арнайы ұйымдардан мамандарды тартып, спортшылармен жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Әр федерация өз құрамымен жұмыс істеуі керек. Жол картасы аясында дін мәселесіне қатысты да мәселе қаралады», — деді министр үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

Другие новости

Back to top button