Спорт

Спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы жыл басынан бері 62,5% өсті

2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5% ұлғайды. Осылайша, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 000 теңгеден 13 000 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы спорт төрешілерінің еңбекақысы тағы 4000 теңге өсіп, 17 000 теңге болады.

«Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайық еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмысы істеліп жатыр», — деді МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

 

Другие новости

Back to top button