Спорт

Спорт министрі дзюдодан халықаралық федерацияның лауазымды қызметіне тағайындалды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан Халықаралық федерация (IJF) директорларының үйлестіру комитетінің директоры болып тағайындалды. Бұл орган жаһандық деңгейде дзюдоның стратегиялық өзара іс-қимылы мен дамуына жауап береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Х желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында 2023 жылдан бастап IJF президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келе жатқан қазақстандық кәсіпкер және меценат Алмаз Әлсенов жазды.

Директорлардың үйлестіру комитеті – IJF-тің негізгі стратегиялық органдарының бірі. Ол халықаралық саясатты әзірлеуге, құрлықаралық деңгейде дзюдоны дамытуға және құрлықтық одақтармен үйлестіруге жауап береді. Оның құрамына спорт, басқару және халықаралық ынтымақтастық салаларында мол тәжірибесі мен беделі бар жоғары лауазымды өкілдер кіреді.

Другие новости

Back to top button