Госорганы

Сот орындаушылардың өндірісінде 273 136 алимент ісі жатыр

Сот орындаушылардың өндірісінде 273 136 алимент ісі жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Әділет министрлігінің дерегі бойынша, бүгінгі таңда сот орындаушылардың өндірісінде 273 136 алимент ісі жатыр. Оның 16 345-і немесе 6%-ы проблемалық іс болып есептеледі. Бұл саны тұрақты емес (борышкерлер қарызын төлейді немесе екі тарап татуласады және т.б.). Бұл жерде сот орындаушылары мәжбүрлі орындау шараларын толық көлемде қамтамасыз ету керек. Оның ішінде борышкерлерді әкімшілік (2022 ж. — 4 065 тұлға, 2023 ж. 1 тоқс. — 1094) және қылмыстық (2022 ж. – 260, 2023 ж. 1 тоқс. -74) жауапкершілікке тарту шарасы да бар», — деп жазады Үкімет басшысы.

Оның мәліметі бойынша, 2020 жылдың шілдесінен бастап сот орындаушыларының әлеуметтік маңызы бар істерді басымдықпен атқару бағытындағы жауапкершілігі күшейтілді. Ондай істердің ішінде алиментпен байланысты істер де бар.

«Алимент төлемеудің негізгі себебі борышкерде тұрақты айлықтың, басқа да кірістердің және мүліктің болмауы болып есептеледі. Аумақтық органдар бүкіл өңірлердегі жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істемейтін алимент борышкерлердің бәрін жұмыспен қамту туралы меморандумдар жасасқан. Қолда бар статистика бойынша, 2021 жылы 2 224 борышкер, 2022 жылы – 2 150, 2023 жылдың бірінші тоқсанында – 601 борышкер жұмысқа орналасқан», — делінген жауапта.

Другие новости

Back to top button