Сот Маңғыстауда ереуілге шыққан мұнайшылардың апелляциясы бойынша шешім шығарды
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы West Oil Software ЖШС қызметкерлерінің ереуіліне байланысты іс бойынша апелляцияны қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот шешімі
West Oil Software қызметкерлері 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап ереуілге шыққан еді. Олар өздерін «ҚазМұнайГазға» қосуды, сондай-ақ оларға бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізуді және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етеді.
Бұған дейін Маңғыстау облысының Қарақия аудандық соты мұнайшылардың ереуілін заңсыз деп таныған болатын.
Шағымдағы жұмысшылар сот шешімінің күшін жоюды сұраған. Шешім күшінде қалды.
Мұнайшылардың талабы
Естеріңізге салсақ, Маңғыстау облысындағы West Oil Softwar мұнай сервистік компаниясының жұмыскерлері де реуілге шығып, ереуілге қатысушыларға қысым көрсетіліп жатқанын айтқан еді. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев “мәселе тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы қарым-қатынастан туындап отыр” деп есептейді.