Сорбұлаққа құлаған тікұшақ бортында болған екінші ұшқыш Павлодар облысында жерленді

Сорбұлаққа құлған тікұшақта болған екінші ұшқыш Павлодар облысында жерленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
11 тамызда 32 жастағы Бақтияр Ержігітовті Павлодар облысында туыстары мен ауылдастары жер қойнына тапсырды. Бұл хабарды облыс әкімі Асайын Байханов телеграм-арнасында жазды.
Контекст
25 шілдеде қорғаныс министрлігіне тиесілі ЕС-145 әскери тікұшағы Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек тікұшақ бөлшектері Сорбұлақ су қоймасы аумағынан табылған. Үшақ бортында Бақтияр Ержігітов, Нұржігіт Үсенбаев және Аман Амангелді болған.
9 тамызда 14 метр тереңдіктен Нұржігіт Үсенбаевтың денесі табылған. Бір күннен кейін, 10 тамызда Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылған. Тікұшақта болған үшінші әскери Аман Амангелді әлі табылған жоқ.
Нұржігіт Үсенбаевты 10 тамызда Түркістан облысындағы Сұлтанрабат ауылындағы бейітке жерлеген.