Главное

«Сөмке иығында болған»: Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты тың мәліметті бөлісті

Белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот процесі жүріп жатыр.

“Шерзат Полат аса қатігездікпен қайтыс болған кезде оқиға орнында екі келіншектің болғанын білесіздер. Таяуда сот процесіне соның бірі куә ретінде шақырылды. Прокурор Эльмира Нұрбековадан неге полицияға, жедел жәрдемге хабарласпадыңыздар деп сұрақ қойған. Куәгер келіншек «Жедел жәрдем, полицияға хабарласа алмадық, телефон сөмкеде болды, ал сөмке көлікте» деді. Алайда бұл ақпарат – жалған. Қылмыс күні таспаланған бейнебақылау камерасына зер салайық. Байқасаңыздар, жанжалдың басталған сәтінде екі келіншектің де иығында сөмке ілулі. Демек, екеуінің де сол сәтте-ақ полиция шақыра алатын мүмкіндіктері болған. Ертең Шерзаттың соты жалғасады. Сондықтан Сот пен прокурор, Шерзаттың адвокаттары бұл жайтты назарға алады деп сенемін”, – деді журналист.

Еске салайық, Шерзат Полаттың ісі бойынша куәгер Нұрбекова сотта берген куәлігін өзгертті. Прокурор оның жауаптарынан қайшылықтар тапқан еді.

“Алдын ала тергеу барысында және өткен сот отырысында шок күйінде болғандықтан қателесуіңіз мүмкін екенін айттыңыз. Алайда бейнежазбада сізде шок күйі байқалмайды. Керісінше, сіз оқиғаға қатысқандардың киімін және оқиғаның өзін өте нақты сипаттадыңыз. 5 қазан күні берген жауабыңызда баланың бауырымен жатқанын, қанға боялғанын және Абзалдың оған пышақпен соққы жасағанын айттыңыз. Сондай-ақ бірнеше адамның балаға шабуыл жасағанын баяндадыңыз. Ал қазір сотта пышақты көрмегеніңізді айтып отырсыз», — деді прокурор.

Другие новости

Back to top button