Социум

«Солтүстікте, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік болады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күзгі салқын ауа райы әлі де сақталады

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 14-16 қыркүйектегі ауа райы болжамы жарияланды.

Синоптиктердің хабарлауынша Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де Солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

«15 қыркүйекке қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. 15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

 

Другие новости

Back to top button