Северо-Казахстанская область

Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты. Қайғылы жағдай орын алған Новоивановка елді мекеніне облыс басшысы Айдарбек Сапаров барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Облыс әкімдігі мәлім еткендей жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталған соң мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқандығы анықталды.

“Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды” , – делінген хабарлама.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Төрт жұмысшының мерт болуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Өңір басшысы олардың отбасыларына барып, көңіл айтты.

Другие новости

Back to top button