Культура

«Сіз айтатын әңгіме емес»: Өмірқұл Айниязовтың жүкті келінімен түскен фотосы сынға қалды

Дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі, әнші Өмірқұл Айниязовтың желіде жүктеген фотосы сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесі отбасылық фотосессия жасаған.

“Бұл енді қалжың сурет. Негізі келінмен жарысып туған енеге қалай қарайсыздар? Фотоға ат қояйық”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі қолдаса, екіншісі ұят тірлікке санап жатыр. “Осындай өрескел дүниелерді ұнатпаймын”, “Өмеке сіз айтатын әңгіме емес қой. Ата мен келін арақашықтық сақталуы керек”,  “Келіннің атасының көзінше ішін ұстап тұруы ұят саналған”, деген пікір көп. Екінші тарап, байлық пен балалы болудың ерте-кеші жоқ деп, құттықтап жатыр. “Қуанатын жағдайға қуана білейік. Қуанышты тойлай білейік. Дүниеге келетін ұрпақтар дені сау, ақылды, білімді, мәдениетті, қазақ елін дүние жүзіне танытатын азамат болсын деп тілеймін”, “Кім қандай жаста болса да, Алланың жіберген бақыты, ұрпағымызды өсіріп, қызықтайтын денсаулық, өмір берсін”, “Келін туды деп енені шектеп тастасақ халық саны қайдан өседі?!. Бұл әңгімені қытай, үнділер айтса жарасады. Бізге әрбір жан маңызды”, – дейді әншінің тыңдармандары.

Жақында өнерлі отбасының тұңғышы әрі жалғыз ұлы үйленіп, өнер иесі “жұлдызды қайын ата” атанған болатын. Бір баладан кейін араға 20 жылдан кейін қызы дүниеге келді.

“Осыдан 3 жыл бұрын ғана Нұртуғанды берген Аллаға шүкірлік етіп, менде осы бір бала ғана болуды Алла басыма жазған шығар, ендігі жерде келін алып немере сүйерміз деп жүр едім. Алланың құдіретін қараңызшы Айсониді беріп артынан Айсұлтанды ерітті. Алладан күдер үзбейік”, – дейді дәстүрлі ән өнерінің өкілі.

Еске салайық, әншіге ұлды болғаны үшін інісі құны 1 миллион теңге тұратын күміс қамшы сыйлаған болатын.  

Другие новости

Back to top button