«Шырпымен ойнаған». Ақмола облысында өрттен кейін ауруханаға түскен екі қыз көз жұмды
Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында жеке тұрғын үйде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2019 және 2017 жылғы екі бала үйде жалғыз қалып, сіріңкемен ойнаған, соның салдарынан жиһазға от тиген. Көрші түтінді байқап, жүгіріп келіп терезені сындырып, ішке кіріп балаларды таза ауаға алып шықты. Одан кейін өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде келді.Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік-өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов
Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Улы газға уланған қыздар Қима ауылдық ауруханасына жеткізілді, алайда олар есінен жимастан сол арада көз жұмды.
Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болғаны белгілі болды, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы.
Оқиға орнына Жақсы ауданының №13-ӨСБ жанындағы Жаңа Қима ауылының 28-ші өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері мен бір техника жұмыс істеді.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан жас балаларын жалғыз қалдырмауды сұрайды.