Главное

«Шындық детекторымен тексеріңіздер»: Дидар Қалиахмет сотта күтпеген мәлімдеме жасады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тікелей эфирде өтіп жатқан сотта күдікті Дидар Қалиахмет жәбірленуші тарап қорғаушыларының сұрақтарына мардымды жауап бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокаттардың бірі «сонда сіздің есіңізде не қалды?» деп пікірін білдірді.

Дидар Қалиахмет бұл наразылыққа қатысты өз пікірін айтты.

«Ештеңе білмейсің» деп жатыр ғой. Қазір дамыған заман ғой. Шындық детекторын (полиграф-автор) жалдайық. Ұрдың ба? Пышақтадың? Өлтірдің бе? «Иә, жоқ» деп айтайын», — деді Дидар Қалиахмет.

Сот бұл мәселеге қатысты «жоқ, керек емес» деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Ruhy» youtube арнасынан көре аласыздар.

 

Другие новости

Back to top button