Шымкент

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелін үш баласымен бірге үйінен шығарып жатыр

Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне хабарласқан Дана Әтешова айтып берді. Ол — Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновтың зайыбы болған.

Әйтеновтың бұрынғы әйелі не дейді?

– Балаларымның туған әкесі – өзінің туған 5, 7 және 10 жастағы балаларын үйінен шығарып жатыр. Мен қазір соттасып жүрмін. Қолымнан келетін әрекеттерді жасап, Жоғарғы сотқа арыз түсірдім. Соның шешімі шыққанша тұра тұрайық, “екі-үш апта күте тұр, Жоғарғы сот шешсін” дедім. Жоғарғы сот себебі әділ шешім шығаруы керек. Өйткені алимент бойныша бүкіл процес әділдікпен шешілген, – дейді ол.

Дананың айтуынша, Марат Әйтенов “балаларымның атына төрт бөлмелі үй қалдырам” деген. Алайда шарт қойған.

– Ол біздің атымызға үйді жазам дейді, бірақ басқа мүліктерден ол үшін бас тартуым керек. Бүкіл жазған нәрселерді мен жойып, Мараттан кешірім сұрауым керек екен. Мен ешқашан өтірік айтқан жоқпын. Өтірік айтсам, мені “жала жапты” деп сотқа бере алады. Бірақ ол мені күшпен үйден шығарып жібермекші. Төрт бөлмелі үйге барып, бүкіл сөзімнен бас тартуым керек. Әрине, мен оған келіспеймін, – дейді ол.

Дана Әтенова бұл – Мараттың соңғы үйі емес дейді.

– Мынау жерде Де Люкс 4 деген жабық кентте 600 шаршы метр үйі бар. Ол үйге еш құқығым жоқ. “Осы үйді балаларға қалдыр, үйреніп қалды, қоғамымыз бар, жоқ дегенде осы үйді қалдыр” десем келіспей отыр, – дейді ол.

Осылай деген Дана Әтешова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сот орындаушылармен болған жанжалдың видеосын жариялады. Онда Дананың сот орындаушылармен айтысып, тартысып жатқаны көрінген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де байқалады. Үйге келген сот орындаушылар “сот шешімін орындауға кедергі келтірмеңіздер” дейді. Дана “заң бұзсам, арыз жазыңдар, акт жазыңдар” дейді.

Екі жыл бұрын

Марат Әйтенов пен бұрынғы әйелі Дана Әтешеваның отбасылық жанжалы осыдан екі жыл бұрын БАҚ-та жазылған. Сол кезде Дана Әтешева бұрынғы күйеуі, Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Әйтенов өзін тоғыз жыл бойы ұрып-соғып, содан кейін үш баласымен тастап кеткенін айтқан еді. Екеуі 2012 жылы шаңырақ көтерген. Дана күйеуімен тоғыз жыл тұрып, үш бала тапқан. Әйтеновтың бұл екінші некесі.

“Ол мені жүкті кезімде ұрды. Сабаған сайын мысқылдап, жұма келгенде әйелді ұрып-соғып тұру керек дейтін. Бірде мені қатты сабағаны соншалық, жүре алмай қалдым” деген еді Әтешова сол тұста БАҚ-қа берген сұхбатында.

Другие новости

Back to top button