Шымкент

Шымкентте тұрғындарды 60 млн теңгеге алдап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

Әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті әйел бұрын да іздеуде болған.

«Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша күдікке ілінді. Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген», — дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр.

Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

«Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдарды «102» арнасына немесе көрсетілген нөмірлер бойынша хабарлауды сұраймыз (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button