Выбор редакцииШымкент

Шымкентте студент қызды тура жатақхана алдынан алып қашты

Шымкентте жатақхана алдында жас қызды әлдекімдер алып қашып кетті. Бұл сәтті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбаны @egov.press Telegram-каналы жариялады. Онда бірнеше жігіттің бойжеткенді шыңғыртып тұрып көлікке күштеп отырғызғанын көруге болады.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер қыз алып қашқандардың ұсталғанын хабарлады. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) тіркелді.

 

Жауап алу барысында Түркістан облысының тұрғыны Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген таныс қызды үйлену үшін ұрлап әкеткені белгілі болған.
Жас қыз некеден бас тартқан және болған жайтқа қатысты ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Қазір тергеп-тексеру жүргізілуде,
— деді департаменттегілер.

Другие новости

Back to top button