Шымкент

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісі соққыға жығылды

Шымкентте автобус жүргізушісі соққыға жығылды. Қазір ол стационарлық ем қабылдап жатыр. Қоғамдық көлік тізгіншісі оқыс оқиғаның мән жайын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar-ға сілтеме жасап.

Жолаушы соққыға жыққан автобус жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Аты мен жүзін көрсетпей-ақ қоюды өтінген азамат оқыс оқиғаның аяқ асты орын алғанын айтады. Оның сөзінше күдікті бұған дейін де мас күйде қоғамдық көлікке мініп, тізгіншілерге тиісіп жүріпті. Ал кеше ол жәбірленушіге қатты сөйледің деп жұдырығын ала жүгіріпті.

«Бір күн бұрын ол менің маршрутыма мінген еді. Кереметтен түсіп қалды. Қолында арағы бар еді. Ертесіне мешіт жақтан қайта мінді. Мінді де жаныма отырды. Сайрамға келгенге дейін тыныш отырды негізі. Кейін бастады ғой. Арамызда қатты айқай, шу да болған жоқ. «Неге қатты сөйлейсің?» дейді. Мен түскен адамға қатты сөйлеген жоқпын, тез түсіп қалыңыз дегенмін. Келіп боқтады. «Неге боқтайсын?» деген кезде келді да ұрды. Мұрным қанады. Көзім қарауытып кетті. Автобусты тоқтатып тұрамын дегенше бірнеше соққы беріп тастады», — дейді автобус жүргізушісі.

Науқасқа дәрігерлер жабық бас миының шайқалуы және беттің жұмсақ тінінің зақымдануы деген диагноз қойған. Қазір тұрғын стационарлық ем қабылдап жатыр.

«15 тамыз күні жедел жәрдеммен келіп түсті. Қабылдау бөлімінде нейрехирургтер көмек көрсетті. Тексеру барысында бас миының жарақаты анықталған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Ем шарасын алып біткен соң амбулаториялық емге жіберіледі», — дейді нейрохирург Бабур Юсупов.

Айта кетейік, оқиға орнында қатты соққыдан 1 әйел қаза тапты. Ал күдікті азамат қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button