Шымкент

Шымкентте өрт сөндіру қызметінің басшысы алаяқтық жасады деп айыпталды

Шымкентте өрт сөндіру қызметінің басшысы алаяқтық жолмен қарамағындағылардың ақшасын алды деген айып тағылды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті өз қарамағындағылардың ақшасын алдау арқылы иемденген. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қатаң сөгіс алғаны белгілі болды.

«Ұсталған күдікті жақсы жұмыс істеп келген. Бірақ оның әрекеті құқық қорғау органдарының, министрліктің беделіне нұқсан келтірді. Әрбір басшы өзінен бастап, Әдеп кодексін ұстанып, әріптестерін де дұрыс жолға бағыттауы керек», — деді Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Другие новости

Back to top button