Шымкент

Шымкентте монша алдында атыс болды

Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте Жібек жолы көшесі бойындағы «Люкс» моншасының алдында атыс болды. Оқиға кеше, 27 ақпан күні кешкі сағат 8-ден шамасында орын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған.

Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button