Шымкент

Шымкентте колледж студенті жатақханада көз жұмды

Шымкенттегі Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында 16 жастағы студент көз жұмды. Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болған.

Ал жедел жәрдемді марқұмның курстастары шақырған. Куәгерлердің сөзінше, студенттердің бірі жігіттің кеудесінен, екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенет өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, алайда ол көмек келгенше көз жұмған.

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Шымкент қаласы ПД.

Другие новости

Back to top button