Выбор редакцииШымкент
Шымкентте көлік қағып кеткен анасы мен қызы оқиға орнында көз жұмды
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды
Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қазан күні таңғы сағат 9:30 шамасында Шымкент қаласы Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік апатын жасады. Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды.
Жайтты полицейлер СТТБТ-де ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен “Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда бұзып, екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққаны” бойынша тіркеді.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.