Шымкент

Шымкентте көлік жүргізушісі 600-ден астам үйді газсыз қалдырды

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 желтоқсанда таңғы сағат 05:31 шамасында Құрсай шағынауданында Opel Vectra жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жоғары қысымды газ құбырына соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 612 жеке тұрғын үй мен бір өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды», — делінген хабарламада

Кінәліге қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуі) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жібереді. Автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.

Другие новости

Back to top button