Шымкент

Шымкентте жаңа жылды тойлауға 80 млн теңге жұмсалады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкентте жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ

– Жалпы жаңа жылдық безендіруге қала бойынша 80 млн теңге бөлінеді. Бес ауданың әрқайсысына 16 млн теңгеден түседі. Жалпы біз бұл шешімді қабылдаған кезде былтырғы қолданған жасанды шыршалар қолданатын болдық. Былтырғы заттарды қолданамыз. Екіншіден тағы да қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз, – дейді ол.

Ғабит Сыздықбеков 2023 жылы 5 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған. Бүгін республикалық брифингті Шымкентте өткізуде.. Оған басқа қалалардағы журналистер онлайн қатысып, сұрақ қойып жатыр.

Другие новости

Back to top button